Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік секторында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау мақсатында 2023.06.15 күнгі №490 бұйрыққа сәйкес, «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС комплаенс қызметінің қызметкерлерімен 2023 жылғы 16 маусымда сағат 14:30-да күн тәртібіндегі келесі тақырыптар бойынша кеңес өткізілді:
- «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру (баяндамашы Сатып алу және жабдықтау саласындағы ұйымдастыру мен бақылау жөніндегі департамент бастығы-комплаенс тобының басшысы А.Н.Жұмағалиев).
Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттiк қызметшiлердiң немесе оған теңестірілген өздерiнiң лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерiн және соған байланысты мүмкiндiктердi жеке немесе делдалдар арқылы өздерi немесе үшiншi тұлғалар арқылы мүлiктiк (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе алу мақсатында заңсыз пайдалануы жеңілдіктер мен артықшылықтар беру арқылы осы тұлғаларға пара беру. (6-тармақ) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 1 бабы).
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық Қылмыстық кодексте және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген
Сыбайлас жемқорлық кең тараған құьылыс. Бұл күрделі әлеуметтік, моральдық, экономикалық және саяси проблемаларды тудырады, мемлекеттік органдардың қызметіне теріс әсер етеді, дамуды тежейді және бәсекені бұрмалайды. Ол әділдікті бұзады, адам құқықтарына күмән келтіреді және мұқтаж жандарға көмектесуге кедергі жасайды. Ол сондай-ақ компания қызметіндегі шығындарды арттырады, күмәнділік тудырады, тауарлар мен қызметтер құнының өсуіне ықпал етеді, өнімдер мен қызметтердің сапасын төмендетеді, бұл адамдардың өмірі мен мүлкін жоғалтуға әкелуі мүмкін, мемлекеттік мекемелерге деген сенімді жояды, сондай-ақ нарықтың тиімді жұмыс жасауын әсер етеді.
Халықаралық келісімдер арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстар алға жылжуда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық заңдар шығарылуда.
- Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат (баяндамашы Сатып алу және жабдықтау саласындағы ұйымдастыру мен бақылау жөніндегі департамент бастығы – комплаенс тобының басшысы А.Н.Жұмағалиев).
Саясат Қоғамның және оның басшылығының жоғары этикалық стандарттарға және компания қызметін ашық және адал жүргізу қағидаттарына, сондай-ақ Қоғамның корпоративтік мәдениетін жақсартуға, корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін ұстануға және Қоғамның іскерлік беделін тиісті деңгейде ұстауға бейімдейді.
Қогғам алдына мынандай мақсаттар қояды:
- Қоғамды, Қоғам басшылығын және қызметкерлерін олардың лауазымына қарамастан (бұдан әрі – «Қызметкерлер») сыбайлас жемқорлық әрекеттерге тарту тәуекелін барынша азайту.
- Контрагенттер, Қызметкерлер және басқа да тұлғалар арасында кез келген нысандағы және көріністегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау жөніндегі Қоғамның саясаты туралы біркелкі түсінікті қалыптастыру.
- Қоғам мен Қызметкерлерге қатысты болуы мүмкін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптарын қорытып, түсіндіру.
- Қоғам қызметкерлерінің осы Саясаттың қағидаттары мен талаптарын, қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша барабар шараларды білу және сақтау міндетін белгілеу.
Қоғамның барлық Қызметкерлеріне тікелей немесе жанама, жеке немесе үшінші тұлғалардың делдалдықтары арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысуға, пара ұсынуға, беруге, уәде беруге, сұрауға және алуға немесе әкімшілік, бюрократиялық және басқа да формальдылықты барлық түрін жеңілдету үшін, соның ішінде ақша, құндылықтар, қызметтер немесе басқа да пайдалар түріндегі кез келген тұлғаларға және кез келген тұлғалардан немесе ұйымдардан, оның ішінде коммерциялық ұйымдардан, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарынан, мемлекеттік қызметкерлерден, жеке компаниялар мен олардың өкілдерінен төлемдер жасауға, қатаң тыйым салынады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жалпы сәйкестік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Парақорлыққа қарсы саясат және оны қолдайтын басқару жүйесі кез келген ұйымға сыбайлас жемқорлықпен айналысу кезіндегі шығындарды, тәуекелдер мен зияндарды болдырмауға немесе азайтуға, іскерлік қарым-қатынаста сенім мен сенімді қалыптастыруға және оның беделін арттыруға көмектеседі.
Кеңеске Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен қызметтерінің бастықтары қатысты.
Комплкаенс-қызметінің басшыларына Компаниядағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және алдын алу туралы нақты тапсырмалар беріліп, оның орындалуы бақылауға алынды.