Ұлықтаймыз және ұмытпаймыз!

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында «Батыс Қазақстан ЭЖТК» ЖШС ұжымы ардагерлер мен сұм соғысқа қатысқан аға буын алдында тағзым етіп, оларға құрмет көрсетеді. 

 

Біздің кәсіпорын құрметпен еңбек демалысына шыққан және Қазақстандағы бейбіт өмір мен тұрақтылық үшін үлкен үлес қосқан қызметкерлерді қолдап келеді. Осындай жандардың бірі венгер оқиғасына қатысушы – Владимир Михайлович Водопьян. Ол ұзақ жылдар бойы «Батыс Қазақстан ЭЖТК-да» еңбек етті. Жыл сайын мамыр мерекелері қарсаңында біз ардагерге арнайы барамыз.
Басшылық пен қызметкерлер үшін кәсіпорын мен саланың бастауында тұрған адамдарға ерекше көңіл бөлу және сыйлықтар тапсыру игі дәстүрге айналды. Владимир Михайлович энергетика саласында 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеді және әрқашан сол күндердегі тәжірибесімен, естеліктерімен бөлісіп отырады. "Батыс Қазақстан ЭЖТК" ЖШС ашық аспан үшін өз өмірлері мен күштерін құрбан еткен соғысқа қатысушылар мен барлық ардагерлерді құттықтайды.

Facebook-те жариялау

© 2024 ТОО "Западно-Казахстанская региональная электросетевая компания"