2022 жылғы 16 тамыз күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментімен «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме кездесу ұйымдастырылды.
Өз сөзінде БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Превенция басқармасының бас маманы Динара Жумабаева 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері мен талаптарын түсіндіріп, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде 2022 жылдың есептік кезеңінде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.
Бас маман Ерқанат Ерланұлы квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметтер қызметінің негізгі бағыттарына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларына тоқталып өтті.
Тұжырымдаманың 6 бөліміндегі тапсырмалар топтамасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық мүмкіндіктерін барынша азайтуға, сыбайлас жемқорлық үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, азаматтық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға одан әрі ауқымды тарту жөнінде шаралар қабылдауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты мониторингтеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты реформалар мен жобалар қамтылған.
Семинарға «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-нің бас директорының орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелер бастықтары мен коррупцияға қарсы комплаенс-қызметінің мүшелері қатысты.