2024.06.21-гі № 505 бұйрыққа сәйкес 25 маусым сағат 12:00-да Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын сақтау мақсатында «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің комплаенс қызметі күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша кеңес өткізді:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт (баяндамашы Сатып алу және қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастыру және бақылау департаментінің бастығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-тобының басшысы А.Н.Жұмағалиев).
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзу фактілері немесе ықтимал бұзылуы туралы қызметкерлерді хабардар ету жөнінде кеңестің күн тәртібі бекітілсін (баяндамашы Сатып алу және қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастыру және бақылау департаментінің бастығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-тобының басшысы А.Н.Жұмағалиев).
Жиынға Компанияның бөлімшелері мен қызметтерінің басшылары қатысты.
Комплаенс қызметінің басшыларына Компаниядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша нақты тапсырмалар беріліп, оның орындалуы бақылауға алынды.