2024.03.26-гі № 245 бұйрыққа сәйкес 26 наурыз сағат 12:00-да Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының нормаларын сақтау мақсатында «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің комплаенс қызметі күн тәртібіндегі келесі мәселелер бойынша кеңес өткізді:
- «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту туралы (баяндамашы Сатып алу және қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастыру және бақылау департаментінің бастығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-тобының басшысы А.Н.Жұмағалиев).
- Мүдделер қақтығысын анықтау, мониторингтеу және ретту жөніндегі іс-шаралар (баяндамашы Сатып алу және қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастыру және бақылау департаментінің бастығы - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-тобының басшысы А.Н.Жұмағалиев).
Жиынға Компанияның бөлімшелері мен қызметтерінің басшылары қатысты. Комплаенс қызметінің басшыларына Компаниядағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша нақты тапсырмалар беріліп, оның орындалуы бақылауға алынды.