ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16 бабы 3 тармағына сәйкес, ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің квазимемлекеттік секторы субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі методикалық әдістемесіне сай «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-да 2021 жылдың 10 қарашасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды.
Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің бекітілген Ережесіне сәйкес, комплаенс-қызметінде азаматтар Серіктестіктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуының бар немесе ықтималдығы туралы ақпаратты хабарлай алатын немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізетін ақпараттық арналар құрылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы коплаенс-қызметінің басшысы: Арман Нұржанұлы Жұмағалиев – +7 7112 54 37 99
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы коплаенс-қызметінің мүшелері:
- Быкова Ранида Ранильевна – +7 7112 54 01 74;
- Кирсанов Кирилл Павлович – +7 7112 54 01 76.