«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы және электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 08 шілдедегі № 121-VIII Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес «Батыс Энергоресурсы ЖШС 2025 жылғы 1 қаңтарда тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың жаңа ұйымы – «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-не ауыстыруды жүзеге асырды.
Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларының 2-параграфының 5-2-тармағына енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 471 бұйрығының негізінде осы нарықта қызметтер көрсету және «Батыс Энергоресурсы» ЖШС тұтынушыларының электр энергиясы үшін 2024 жылдың 31 желтоқсандағы дебиторлық және кредиторлық берешектері «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС берілді.
Келесі деректемелер бойынша төлем жасауды сұраймыз:
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС, КБЕ 17 БҚО, Орал қаласы, Абай даңғылы 181, БСН 201040032254, ЖСК KZ098562203141936518, БСК - KCJBKZKX, «Банк ЦентрКредит» АҚ.