2024 жылғы 8 шілдеде №121-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ззаңы қабылданды (бұдан әрі - №121-VIII Заң).
Қазақстан Республикасының № 121-VIII ҚРЗ заңының 2-ші бабы 2-ші тармақшасына сәйкес «Электрэ нергетикасы туралы» Заңының 7-1 бабы келесі тармақтармен толықтырылды:
«3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-5-бабының 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес бағаны мемлекеттік реттеуге жататын, жария нарық субъектісі мәртебесіне ие энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілетін лицензиялар белгіленсін; 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін жарамды.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тұтынушыларды «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 13-тармағында анықталғандай энергия беруші ұйымдарға беруді қамтамасыз етуге міндетті.
Батыс Қазақстан облысын энергиямен жабдықтау ұйымы (ЭЖҰ) қазіргі таңда «Батыс Энергоресурсы» ЖШС болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына жоғарыда аталған өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭЖҰ қызметін энергия тасымалдаушы ұйым ЭЖТК-ге беру туралы шешім қабылданды. «Батыс Энергоресурсы» ЖШС энергиямен жабдықтаушы ұйым ретінде қызметін тоқтатады.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының түпкілікті тұтынушылары – заңды және жеке тұлғаларды ұзақ мерзімді шарттар негізінде энергиямен жабдықтауды «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС жүзеге асыратын болады.Қосымша ақпарат компанияның ресми сайттында https://www.en.kz және Инстаграм әлеуметтік желісінде zapkazrek_bko жүктеледі.