"Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің
2024 жылдың 1-ші жартыжылдығындағы электр энергиясын беру
және тарату қызметтері бойынша ақпарат
1) Табиғи монополиялар субъектісі туралы жалпы ақпарат
"Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің электр энергиясын беруші ұйым ретіндегі қызметін 2021 жылдың 01 қазанынан бастады.
Серіктестік - жарғылық капиталындағы елуден астам үлесі мемлекетке тиесілі заңды тұлға. Серіктестіктің құрылтайшысы «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ, Серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесі 100%-ды құрайды, басқару органы «Батысм Қазакқстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
- 16 АЭТ (аудандық электр тораптары)
- ҚЭТ (қалалық электр тораптары),
- бөлімдер мен қызметтер.
- бөімдер мен қызметтер.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің 2023.11.24-гі №86-НҚ бұйрығымен электр энергиясын беру және тарату қызметтері үшін 1 кВт/сағ үшін 8,02 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде 2024 жылға арналған тариф бекітілді, алайда «Энергияның жаңартылатын көздерін қолдаудың есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС тұлғасында электр энергиясын жалғыз сатып алушының электр энергиясының құнының 1 кВт/сағ үшін 12,70 теңгеден 15,96 теңгеге өсіруіне (ҚҚС-сыз) және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы қоры жарнасы 1,5 пайызды енгізілуіне байланысты 2024 жылғы 20 наурыздан бастап компанияның тарифі қайта қаралып, аса реттеуші шара ретінде 8,56 теңгеге дейін көтерілді.
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің теңгерімінде электр беру желісінің трасса/тізбек бойынша жалпы ұзындығы - барлығы 20 531км/20745 км.
2024.07.01-гі жағдай бойынша кәсіпорын бойыншща желілердің орташа тозуы - 80,67%, ҚС, ЖТҚС, ТП, ТҚС орташа тозуы 92,2% құрайды.
2) инвестициялық бағдарламаның және (немесе) инвестициялық жобаның, соның ішінде уәкілетті органмен бекітілген жобалардың орындалуы
2024 жылға арналған инвестициялық бағдарлама 874,3 млн.теңге сомасына бекітілген, оның ішінде өз меншік есебінен - 602,3 млн. теңге және бюджеттік қаражат есебінен - 272,0 млн.теңге.
- Орал қаласы бойынша жалпы ұзындығы 11,27км 0,4кВ, 10кВ-ӘЖ, 0,4, 10кВ-КЖ қайта құру сомасы - 166,2 млн.теңге;
- БҚО аудандары бойынша 0,4кВ және 10кВ-ӘЖ, 0,4кВ жэәне 10кВ-КЖ-жалпы ұзындығы - 31,0 км қайта құру - сомасы 222,3 млн.теңге;
- БҚО аудандарындағы 35 және 110/кВ ӘЖ-дегі 116 дана аралық және анкерлік тіректерді ауыстыру сомасы - 80,4млн.теңге;
- ҚС-ғы кернеуі 10кВ 10 дана ток трансформаторлары 7,8 млн.теңге сомасында және 110/35/10кВ «Переметное»-ҚС-да 2 дана ток трансформаторын микропроцессорлық қорғаныс 1,5 млн.теңгеге ауыстырылды;
- ҚС-ды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде: атап айтьқанда, 9 дана майлы ажыратқыштарды электрлігазды, вакуумдық реклоузерлерге және майлы ажыратқыштарға ауыстыру сомасы - 94,4 млн.теңге;
- 1 дана релелік радиостанциясы 17,0 млн.теңгеге орнатылды;
- 13,6 млн.теңгеге ЭТБЕАЖ-ны енгізілді.
272,0 млн.теңге бюджет қаржысына электр беру желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілді, Бөрлі ауданы Бумакөл ауылындағы электр беру желісін қайта құруға - 170,1 млн.теңге және Тасқала ауданы Мерей ауылында - 101,9 млн.теңге сомасында қайта құрылды.
Бүгінгі күні бекітілген ісшаралар бойынша жұмыстар жүргізлуде, жалпы сомасы 17,9 млн.теңгеге радиорелелік станция және 10кВ ТОЛ-10 ток трансформаторы сатып алынды.
3) Уәкілетті органмен бекітілген тарифтік сметаның есепті кезеңдегі орындалуы туралы ақпарат
2024 жылдың 1 жартыжылдығында электр энергиясын тасымалдаудан түскен кіріс 4619,8 млн.теңгені немесе тарифтік сметада көзделген жылдық кірістің (54%) құрады. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерді көрсетуден түскен шығындар тұтастай алғанда 4707,2 млн.теңгені, бұл бекітілген жылдық шығындардың (55%) құрайды. Тарифтік сметаның баптарының көрсеткіштерін уәкілетті орган жылға есептеп бекітеді.
4. Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы,
5. Қызметтің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу
Бұл көрсеткіштер жылдық есептерде бекітілген.
6. Табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы.
Кәсіпорынның бухгалтерлік теңгерімінің пайдасы мен шығыны туралы есебіне сәйкес 2024 жылдың 1 жартыжылдығына қаржылық-экономикалық көрсеткіштер: - Түсімдер - 4 619,8 млн.теңге;
- Өткізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны - 4 524,6 млн.теңге;
- жалпы пайда - 95,2 млн.теңге;
- әкімшілік шығыстар - 185,1 млн.теңге;
- Басқа табыстар - 56,8 млн.теңге;
- Өзге шығыстар - 25,1 млн.теңге;
- Шығын - 82,6 млн.теңге.
Есепті кезеңнің аяғына кредиторлық берешек - 1 097,1 млн.теңгені құрады. Кредиторлық берешектің құрамында «Бетоникс» ЖШС-не электртехникалық материалдар үшін - 161,9 млн.теңге, сатып алынған электр энергиясы үшін «Э/энергиясының көздерін қолдаудың есептеу орталығы» ЖШС-не - 79,3 млн.теңге, «KEGOK" АҚ-на - 62,0 млн.теңге, «Karabatan Utilify Solutions» ЖШС-не тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін жабдықтаушылар алдында және еңбекті төлеудің қысқа мерзімді берешектері үшін - 753,9 млн.теңге қарыздары бар.
Дебиторлық берешек - 840,6 млн.теңгені құрайды. Дебиторлық берешектің құрамында электр энергиясының транзиті үшін «Батыс Энергоресурсы» ЖШС - 775,2 млн.теңге, КПО б.в. - 20,7 млн.теңге, «Казэнергоорталығы» ЖШС - 12,3 млн.теңге, басқа да берешектер - 32,4 млн. теңгені құрайды.
2024 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша компания - 4 677,9 млн.теңге сомасында кіріс алды, оның ішінде электр энергиясының транзиттік қызметтерін көрсетуден - 4 619,8 млн.теңге, өзге қызметтен - 8,0 млн.теңге, мемлекеттік субсидиядан (ТЖ бойынша) - 15,37 млн.теңге, басқа да кірістер - 34,4 млн.теңге.
Ағымдағы кезеңде жалпы шығындар 4760,6 млн.теңгені, негізгі қызмет бойынша шығындар - 4707,1 млн.теңгені, қызметтің басқа түрлерінен - 6,1 млн.теңгені, сыйақылар бойынша шығындар - 25,6 млн.теңгені, кезеңнің өзге шығындары - 2,5 млн.теңгені, басқа шығындар - 19,3 млн.теңгені құрады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы қаржылық қызметтің қорытындысы бойынша кәсіпорынның таза табысы тарифтар өайырмашылыққа байланысты 82,6 млн.теңгені құрады.
7. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері туралы
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС желілері бойынша электр энергиясын тасымалдау көлемі 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында - 566 млн кВтсағ құрады, бекітілген тарифтік сметада - 1063,0 млн кВтсағ. Электр энергиясын беру көлемін уәкілетті орган есепті жылға бекітеді.
8. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы
Есепті кезеңде берілген техникалық шарттардың жалпы саны - 1329, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша - 711, заңды тұлғалар бойынша - 468, ММ - 150. Облыс бойынша жалпы есептеу құралдары:
- заңды тұлғалар - 32 067
- жеке тұлғалар - 301 301
Тұтынушыларды электр энергиясын беру мен таратуды тұрақты және сапалы қамтамасыз ету, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясының коммерциялық ысыраптарын азайту мақсатында электр энергиясын есепке алудың биллингтік жүйесі жұмыс істейді, бұл жүйенің негізгі мақсаты тұтынушылардың электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін суретке түсіру және оларды ақпараттық базаға енгізу болып табылады, бұл коммерциялық ысыраптарды азайтуға және электр энергиясының нақты есебін есептеу мен сәәйкесінше төлемді қамтамасыз етуге бағытталған. Индукциялық есепке алу аспаптарын электрондыға ауыстыру жұмыстары, кіріс кабельдерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
7) Қызметтің келешегі (даму жоспарлары), соның ішінде реттелетін қызметтерге тарифтердегі ықтимал өзгерістерді қоса алғанда
- артық шығынды азайту және болдырмау бойынша жұмыстар;
- 2024 жылға бекітілген жоспарға сәйкес электр желілері мен жабдықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- электр энергиясын берудің реттелетін қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
2024 жылдың наурыз айында тарифті ТРШ (төтенше реттеу шарасы) ретінде бекітуге өтінім берілгендіктен, 2024 жылдың соңына дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтің өзгеруі күтілмейді, себебі «Э/эКҚЕО» ЖШС тұлғасындағы бірыңғай электр сатып алушысының энергия қызметтері бойынша стратегиялық қызметі 1 кВт/сағ үшін 12,70 теңгеден 15,96 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз), тариф 8,02 теңгеден 8,56 теңгеге дейін өсті.