“Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-нің 2023 жылдың 1-ші
жартыжылдығындағы электр энергиясын беру және тарату
қызметтері бойынша есебі
1) Табиғи монополиялар субъектісі туралы жалпы ақпарат.
“Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өзінің электр энергиясын беруші ұйым ретіндегі қызметін 2021 жылдың 01 қазанынан бастады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің 2022.11.25-гі бұйрығымен электр энергиясын беру және тарату қызметтеріне 1 кВт/сағ үшін 6,64 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде тариф бекітілді.
Серіктестік, жарғылық капиталдағы қатысу үлесінің елуден астамы мемлекетке жататын, заңды тұлға болып табылады, Құрылтайшысы Серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесі 100%-ды құрайтын «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады, басқару органы - «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді:
- 16 АЭТ (аудандық электр тораптары)
- ҚЭТ (қалалық электр тораптары),
- бөлімдер мен қызметтер.
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің теңгерімінде электр беру желісінің трасса/тізбек бойынша жалпы ұзындығы – барлығы 20 531 км/20745 км.
2023.07.01-гі жағдай бойынша орташа тозуы – 82%, ҚС, ЖТҚС, ТП, ТҚС орташа тозуы- 91,57% құрайды.
2) инвестициялық бағдарламаның және (немесе) инвестициялы, қоның ішінде уәкілетті органмен бекітілген жобалардың орындалуы
2023 жылға арналған инвестициялық бағдарлама 53434 млн.теңге сомасына бекітілген:
- Орал қаласы бойынша ұзындығы 8,4 км 0,4кВ-ӘЖ-ні қайта құру – сомасы 79,283 млн.теңге;
- ұзындығы — 4,0 км 10кВ-ӘЖ-ні қайта құру - сомасы 38,433 млн.теңге;
- ұзындығы — 2,6 км 10кВ-КЖ-ні қайта құру - сомасы 49,554 млн.теңге;
- ұзындығы -2,35 км 0,4кВ-КЖ-ні қайта құру - сомасы 28,906 млн.теңге;
- аудандар бойынша ұзындығы - 6,8 км 10кВ-ӘЖ-ні қайта құру - сомасы 34,952 млн.теңге;
- аудандар бойынша ұзындығы - 10,393 км 0,4кВ-ӘЖ-ні қайта құру - сомасы -87,083 млн.теңге;
- 110/10 кВ "Центральная" және "Землячка» ҚС-сын жаңғырту: 110кВ Б ж ҚТ-ды 110кВ элегазды ажыратқышқа ауыстыру — 3 дана. сомасы - 82 ,396 млн.теңге;
- Қосалқы станцияларды жаңғырту: ПСН-35 кВ-ні 35кВ вакуумдық реклоузерге ауыстыру - 2 дана, сомасы - 25,326 млн.теңге; майлы ажыратқыштарды 10кВ кернеулі вакуумдық ажыратқыштарға ауыстыру - 2 дана, сомасы - 5,246 млн.теңге;
- Қолданыстағы 10/0,4 кВ №211 ТҚС-сын (200кВА) күштік трансформаторлары 2*250 кВА 10/0,4кВ 2ЖТҚС-на ауыстыру - 1 дана, сомасы- 13,7 млн.теңге; ЗНОМ-35 кернеулі трансформатор - 1 дана, сомасы - 0,7млн.теңге;
- 10/35/110кВ 14 ҚС-да ЭТБЕАЖ мен ДТБҚ АЖ-сін енгізуге жобалық-сметалық құжаттамаларды жасақтау, сомасы - 19 ,642 млн.теңге;
- БКМ-317 бұрғылау-кранды машинасын сатып алу - 1 бірлік, сомасы - 69,3млн.теңге.
Қазіргі уақытта бекітілген шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде, БКМ-317 бұрғылау-кранды машинасы сатып алынды.
3) Уәкілетті органмен бекітілген тарифтік сметаның есепті кезеңдегі орындалуы туралы ақпарат
2023 жылдың 1 жартыжылдығында электр энергиясын тасымалдаудан түскен кіріс 3 618,8 млн.теңгені немесе тарифтік сметада көзделген жылдық кірістің (53%) құрады. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында электр энергиясын беру және тарату бойынша қызметтерді көрсетуден түскен шығындар тұтастай алғанда 3 477,3 млн теңгені құрады, бұл бекітілген жылдық шығындардың (50%) құрайды. Тарифтік сметаның баптарының көрсеткіштерін уәкілетті орган жылға есептеп бекітеді.
4.) Реттелетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы туралы,
5.) Қызметтің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу
Бұл көрсеткіштер жыл бойынша бекітілген.
6.) Табиғи монополия субъектісі қызметінің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансының пайдасы мен туралы есебіне сәйкес 2023 жылдың 1 жартыжылдығына қаржылық-экономикалық көрсеткіштер:
- Түсімдер - 3618,8 млн.теңге;
- Өткізілген тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны - 3290,0 млн.теңге;
- жалпы пайда – 328,7 млн.теңге;
- әкімшілік шығыстар – 210,5 млн.теңге;
- Басқа кірістер – 13,6 млн.теңге;
- Өзге шығыстар – 10,5 млн.теңге;
- Пайда – 122,0 млн.теңге.
Есепті кезеңнің аяғына кредиторлық берешек -440,9 млн.теңгені құрады. Кредиторлық берешектің құрамында «УГТС-54» ЖШС-не - 50,1 млн.теңге, сатып алынған электр энергиясы үшін «ЖЖҚ» АҚ-на - 63,7 млн.теңге, ТОО «Э/энергиясының көздерін қолдаудың есептеу орталығы» ЖШС-на - 15,4 млн.теңге, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін жабдықтаушылар алдында және еңбекті төлеудің қысқа мерзімді берешектері үшін - 169,6 млн.теңге қарыздары бар.
Дебиторлық берешек - 948,1 млн.теңгені құрайды. Дебиторлық берешектің құрамында «Батыс Энергоресурсы» ЖШС-на - 692,6 млн.теңге, «Батыс Су Арнасы» ЖШС-не - 76,0 млн.теңге, «Аксайэнерго» ЖШС-не - 30,6 млн.теңге, Kazenergy marketing» ЖШС-не - 27,8 млн.теңге, басқа да берешектер - 53,4 млн. теңгені құрайды.
2023 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша компания -3 632,8 млн.теңге сомасында кіріс алды, оның ішінде электр энергиясының транзиттік қызметтерін көрсетуден – 3 618,8 млн.теңге, басқа қызметтен – 10,3 млн.теңге, өзге де кірістер – 3,7 млн.теңге.
Ағымдағы кезеңде жалпы шығыстар 3510,8 млн.теңгені, негізгі қызмет бойынша шығыстар – 3477,4 млн.теңгені, қызметтің басқа түрлерінен – 6,8 млн.теңгені, кезеңнің өзге шығыстары – 23,3 млн.теңгені, басқа шығыстар -1,5 млн.теңгені құрады.
2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы қаржылық қызметтің қорытындысы бойынша кәсіпорынның таза табысы 122,0 млн.теңгені құрады.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 13,0%-ға немесе 421,6 млн.теңгеге, оның ішінде қызмет көрсетуден – 12,8%-ға немесе 411,9 млн.теңгеге, шығыстар 21,6%-ға немесе 624,9 млн.теңгеге, негізгі қызмет бойынша шығыстар – 20,7%-ға немесе 424,9 млн.теңгеге өсті.
7.) Көрсетілетін реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдері
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС желілері бойынша электр энергиясын тасымалдау көлемі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында - 544,9 млн кВтсағ құрады, бекітілген тарифтік сметада – 1038,0 млн кВтсағ. Электр энергиясын беру көлемін уәкілетті орган есепті жылға бекітеді.
8.) Реттелетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы
Есепті кезеңде берілген техникалық шарттардың жалпы саны – 1258, оның ішінде жеке тұлғалар бойынша - 612, заңды тұлғалар бойынша – 497, ММ - 149. Облыс бойынша жалпы есептеу құралдары:
- заңды тұлғалар - 32 067
- жеке тұлғалар - 301 301
Тұтынушыларды электр энергиясын беру мен таратуды тұрақты және сапалы қамтамасыз ету, энергия тиімділігін арттыру және электр энергиясының коммерциялық ысыраптарын азайту мақсатында электр энергиясын есепке алудың биллингтік жүйесі жұмыс істейді, бұл жүйенің негізгі мақсаты тұтынушылардың электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін суретке түсіру және оларды ақпараттық базаға енгізу болып табылады, бұл коммерциялық ысыраптарды азайтуға және электр энергиясының нақты есебін есептеу мен сәәйкесінше төлемді қамтамасыз етуге бағытталған. Индукциялық есепке алу аспаптарын электрондыға ауыстыру жұмыстары, кіріс кабельдерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
9) Қызметтің келешегі (даму жоспарлары), соның ішінде реттелетін қызметтерге тарифтердегі ықтимал өзгерістерді қоса алғанда
- артық шығынды азайту және болдырмау бойынша жұмыстар;
- 2023 жылға бекітілген жоспарға сәйкес электр желілері мен жабдықтарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- электр энергиясын берудің реттелетін қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2011 жылғы 9 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 601-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне 2022 жылға арналған статистикалық деректерге сәйкес облыс (қала) бойынша экономикалық қызмет түрлері бойынша стратегиялық өнімнің құны және бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысының өзгеруіне байланысты 2023 жылдың екінші жартыжылдығына тарифті көтеру туралы өтінім берді.
2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы» жүйесін енгізуге байланысты «Электр энергиясы» және «Нормативтік-техникалық шығындарды өтемақыға арналған шығыстар» баптары бойынша шығыстар қайта қаралды.
Бұл баптарға «ЕҚО тұлғасында Бірыңғай электр энергиясын сатып алушы» қызметінің шығындары, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның ұлттық электр желісін (ҰЭЖ) пайдалану бойынша жаңа қызметі қосылды, сондай-ақ электр энергиясын өндіру мен тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру үшін «Электр энергиясы және қуат нарығының Қазақстандық операторы» АҚ (Э/эжҚНҚО) жүйелік оператормен жүзеге асырылатын болады.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістерге байланысты тариф жобасы 6,64 теңгеден 7,94 теңгеге көтерілді, өсім 1,30 теңге немесе 19,5% құрайды.