Ұйым басшылығы

Ғалиметденова Дина Ерсейітқызы

«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің бас директоры.

1980 жылы 6 наурызда БҚО облысы, Орал қаласында дүниеге келген.

Білім жоғары, Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын бітірген. Мамандығы заңгер, экономист.

2001-2021 жылдары «Конденсат» АҚ-да заңгер-кеңесші, кадр және әлеуметтік мәселелер бойынша «Конденсат компаниялар тобында» директор, Кеңес директорлары аппаратының басшысы, «Батыс Энергоресурстары» ЖШС –нің бас директоры, қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан аймақтық Электржелілік компаниясы» ЖШС – нің директоры.

Орал қалалық мәслихатының 5 шақырылымының, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 6, 7 шақырылымдағы депутаты. «Nur Otan» партиясының мүшесі.

 

Алхат Зиннатович Абзалилов

«Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-нің техникалық мәселелер жөніндегі директоры.

02.02.1961 жылы Орынбор облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1983 жылы Орынбор политеникалық институтын бітірген. Электрэнергетикасы саласындағы жұмыс өтілі 38 жыл.

1983 жылдан 1989 жылға дейін РФ-ның Орынбор және Орск қалалары кәсіпорындарында энергетика саласында жұмыс жасады. 1989 жылдан 2001 жылға дейін «КазБурГаз» АҚ-да бастықтың орынбасары, бас энергетик, аға электрмеханик, инженер болып жасаған. 2001-2004 жылдары «ССС» компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалында инженер-энергетик болды. 2004-2012 жылдары «Аксайгазпромэнерго» АҚ-да ӨДҚ бастығы, техникалық директор, бас директор. 2012 жылдан 2015 жылға дейін «Конденсат» АҚ-ның бас директоры. 2015-тен 2020 жылы «Аксайгазпромэнерго» АҚның бас директоры 12.11.2020 жылдан 10.09.2021 жыға дейін «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның Басқарма төрағасы-директор. 01.10.2021 жылдан «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің техникалық мәселелер жөніндегі директоры

 

Жанна Ниязқызы Картмамбетова

«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі директоры.

1979 жылы 16 шілдеде РФ-ның Саратов облысында дүниеге келген.

Білімі жоғары, экономика магистрі. Энергетика саласындағы жұмыс өтілі 15 жыл.

Еңбек жолын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде мұғалім болып бастады. 2006 жылдан 30.09.2021 жылға дейін - «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның жетекші экономисі, ЖжББ бастығы, директордың экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, Басқарма төрағасының экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары. 01.10.2021 жылдан - Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі директоры.

 

Рустем Нұрболатұлы Майранов

«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің электр энергиясын бақылау және есептеу жөніндегі директоры.

1971 жылдың 05 мамырында БҚО Теректі ауданында дүниеге келген.

1999 году Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау және электрлендіру» мамандығы бойынша бітірген. Энергетика саласындағы жұмыс өтілі 27 жыл.

1994-2006 жылдары - «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның Сату және келісімшарттар департаменті электрмонтері, мастер, инженер, жетекші инженер. 2006-2007 жылдары - «Ақжайықэнергосауда» ЖШС-нің қуат ағындарын есептеу қызметінің инженері. 2007- 2008 жылдары - «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның электр энергиясын бақылау және есептеу жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, баланстар және келісімшарттар қызметінің бастығы. 2008-2010 жылдары - «Ақжайықэнергосауда» ЖШС-нің атқарушы директоры, директор. 2010 жылдан 30.09.2021 жылға дейін «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның электр энергиясын бақылау және есептеу жөніндегі қызметінің бастығы, электр энергиясын бақылау және есептеу жөніндегі департамент бастығы, ҚЭТ-ның бас инженері, ҚЭТ бастығы, Басқарма төрағасының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары. 01.10.2021 жылдан - «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-нің электр энергиясын бақылау және есептеу жөніндегі директоры.

 

© 2022 ТОО "Западно-Казахстанская региональная электросетевая компания"

Please publish modules in offcanvas position.