Ұйым туралы

«Батыс Қазақстан электр желілік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Серіктестік) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020.10.19 күнгі № 251 Қаулысына сәйкес құрылды және 2020 жылдың 27 қазанында тіркелді, БСН 201040032254.

Серіктестіктің негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №    қаулысына сәйкес электр энергиясын беру және тарату болып табылады.

Батыс Қазақстан облысы әкмідгінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 88 қаулысымен коммуналдық меншіктегі 4 913 927 831 (төрт миллиард тоғыз жүз он үш миллионов тоғыз жүз жиырма жеті мың сегіз жүз отыз бір) теңге сомасындағы мүлік жарғылық капиталды ұлғайту үшін Серіктестіктің жарғылық капиталына берілді.

2021 жылғы 17 маусымда Серіктестік Қазақстан Республикасының «Электр энергиясы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі No588-II ҚР Заңының 13-1-бабының 6-тармағына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін растады, ол «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің No30-25-02-24.02 ж. Акт-қорытындысымен расталады.

Серіктестік Табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімініе енгізілгені туралы No KZ91VFF00002942 Куәлікпен Табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тіркелімінің Батыс Қазақстан облысы бойынша жергілікті бөліміне 2021.07.14 күні енгізілді.

Қазіргі уақытта «Батыс Қазақстан электр желілік компаниясы» ЖШС-ның құрамы келесі құрылымдық бөлімшелерден тұрады:

  • 16 АЭТ (аудандық электр тораптары)
  • ҚЭТ (қалалық электр тораптары)
  • Бөлімдер мен қызметтер.
© 2022 ТОО "Западно-Казахстанская региональная электросетевая компания"

Please publish modules in offcanvas position.