Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 228-бабына сәйкес, жәй серіктестік бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады.
Бірлескен қызмет туралы шарт (жәй серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс алу немесе заңға қайшы келмейтін басқа мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді.
Жәй серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 229-бабына сәйкес бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істерін жүргізу олардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісім бойынша олар бірлескен қызметті басқаруды және ортақ істерді жүргізуді қатысушылардың біріне тапсыра алады, ол бұл жағдайда шарттың басқа қатысушылары берген сенімхат негізінде әрекет етеді.
Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 4-1-тармағының 4-тармақшасына сәйкес электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін электрмен жабдықтау объектілері кондоминиум объектісінің құрамына кіретін тұтынушылар электрмен жабдықтау шартын жасасуға уәкілетті тұлғаға, ұйымның бірінші басшысын қоспағанда, жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін (бұйрық, сенімхат, тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат) қоса береді, (заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін);
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, жай серіктестіктердің (бағбандық қоғамдардың) құрамына кіретін электр энергиясын тұтынушылардан бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесін және шарттың басқа қатысушылары берген сенімхаттың көшірмесін уәкілетті тұлғаға жай жазбаша нысанда, міндетті түрде нотариус куәландырмай ұсынуды сұраймыз. Құжаттарды Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына немесе Жамбыл көшесі, 26, 2 кабинетке жолдауыңызды сұраймыз.